Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 381 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 4368 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 119 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін 9,9074 гектар жер учаскесіне, жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Абжапаров Бақытхан Жаханұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірбек

  Меркі ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "___" _______
№____ қаулысына қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеудегі көлемдері

Ауылдық округ

Жалпы көлемі, (гектар)

Оның ішінде

Жалпы егістік көлемі, (гектар)

Оның ішінде

Шабындық, (гектар)

Жайылым, (гектар)

Бөгде (гектар)

Құрылыс асты, (гектар)

Суармалы егістік, (гектар)

Тәлім егістік, (гектар)

1

Кеңес ауылдық округі, Кеңес елді мекені жерінен

3,9107

-

-

-

-

-

3,9107

-

2

Ақарал ауылдық округі, Ақарал елді мекені жерінен

0,6825

-

-

-

-

-

0,6825

-

3

Ақарал, Сұрат ауылдық округтері, Сұрат елді мекені және "Сыпатай батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жерлерінен

1,8797

-

-

-

-

-

1,8797

-

4

Сарымолдаев ауылдық округі, Т.Рықұлов елді мекені және мал айдау жолы жерлерінен

2,8187

-

-

-

-

2,8091

0,0096

-

5

Ақарал ауылдық округіндегі, "Сыпатай батыр" елді мекені жерінен

0,6158

-

-

-

-

-

0,6158

-


Барлығы:

9,9074

-

-

-

-

2,8091

7,0983

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады