Мойынқұм ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 38 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 4119 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мойынқұм ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Наметқұлов Амангелді Наметқұлұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Мусаев

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2019 жылғы
қаулысына қосымша

Мойынқұм ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2534 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурызда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған);

      2. "Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2536 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған);

      3. "Мойынқұм ауданының ауылдық округтер және ауылдар әкімі аппараттарының Ережелерін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2692 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады