Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69, 115 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "АБК-Автодор НС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналма жолды орналастырып, қызмет көрсету үшін уақытша жер пайдалану құқығына 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Калымбетов Бакытжан Алдасугировичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Мусаев |
Мойынқұм аудан әкімдігінің 2019 жылғы ____№____ қаулысына қосымша |
Айналма жолды орналастырып, қызмет көрсету үшін қауымдық сервитут белгіленген жер көлемдері
№ | Жер пайдаланушылардың атауы | Жалпы көлемі (гектар) | Оның ішінде | |||
Жайылым (гектар) | Шабындық (гектар) | Құрылыс асты (гектар) | ||||
1. | Көктерек жер қоры | 12,2831 | 12,2831 | - | - | - |
2. | Амангелді жер қоры | 30,6794 | 30,6794 | - | - | - |
3. | Мал айдау жолы | 4,4789 | 4,4789 | - | - | - |
4. | Айдарлы жер қоры | 4,4333 | 4,4333 | - | - | - |
5. | Хантау жер қоры | 9,316 | 9,316 | - | - | - |
6. | Бірлік ауылдық округі | 1,091 | 1,091 | - | - | - |
7. | Хантау ауылдық округі | 4,0833 | 4,0833 | - | - | - |
8. | Биназар ауылдық округі | 3,3199 | 3,3199 | - | - | - |
Барлығы: | 69,6849 | 69,6849 | - | - | - |