2019 жылға Талас ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 92 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 4187 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Алиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "28" наурыздағы
№92 қаулысына қосымша

2019 жылға Талас ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмысшылардың тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін

Жұмысшылардың тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмысшылардың тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

Жұмысшылардың тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

"Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

184

0,54 %

1

0,54 %

1

1,09 %

2

"Таза Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

42

0

0

2,38 %

1

2,38 %

1

Барлығы

226


1


2


3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады