"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 18 қазандағы №391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 414 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 4326 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 391 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3291 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен айқындалған Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiнің:

      2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:

      Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, оның ішінде: басшы орынбасары, бөлімше меңгерушісі;

      Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары (бас, аға), оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек консультанттары мен ассистенттері, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.".

      4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары;

      Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың көркемдік жетекшісі;

      Бас бухгалтер;

      Бухгалтер;

      Экономист;

      Әдіскер;

      Мәдени ұйымдастырушы;

      Музыкалық жетекші;

      Кадрлар жөніндегі маман;

      Клуб меңгерушісі;

      Режиссер;

      Дирижер;

      Аккомпаниатор;

      Концертмейстер

      Кітапхана меңгерушісі;

      Кітапханашы;

      Библиограф;

      Редактор;

      Қор сақтаушы;

      Бағдарламашы;

      Референт;

      Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;

      Костюмер;

      Тігінші.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Айтақов Ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шу аудандық мәслихатының

      хатшысы

      Өмірәлиев Е.

      _________________ 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады