Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесілер күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 37/04 "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4290 тіркелді, 2017 жылдың 11 шілдедегі "Индустриальная Караганда" №76 (22189), 2017 жылдың 11 шілдедегі "Орталық Қазақстан" № 75 (22 382) газеттерінде, 2017 жылы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 16/01 "2016 жылдың өніміне бірінші көбейтілген және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын тұтынудың (пайдаланудың) ең төменгі нормаларын аудандар бойынша және дақылдар бөлінісінде бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3745 тіркелді, 2016 жылдың 14 сәуірдегі "Индустриальная Караганда" № 46 (21991), 2016 жылдың 14 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" № 64 (22 169) газеттерінде, 2016 жылғы 13 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |