Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 15.07.2022 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы "Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" №308 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4766 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырда электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22507) "Орталық Қазақстан" және 2018 жылғы 24 мамырда №55 (22314) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Георгиади |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының ХXV сессиясының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 410 шешіміне қосымша |
|
Қарағанды облыстық мәслихатының XV сессиясының 2018 жылғы 4 мамырдағы №308 шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы бойынша іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
1. Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында "Нұр-Сәби" жеке меншік балабақшасын жөндеу және пайдалану.
2. Қарағанды облысының Қарағанды қаласында сырғанау айдынын пайдалану.
3. Қарағанды қаласында гематология орталығын ашу.
4. Саран қаласында гемодиализ орталығын ашу.
5. Жезқазған қаласында балаларды оңалту орталығын ашу.
6. Теміртау қаласында оңалту орталығын ашу.
7. Жезқазған қаласында оңалту орталығын ашу.
8. Жаңаарқа ауданында гемодиализ орталығын ашу.
9. Қарағанды қаласының "Дарынды бала 4" балабақшасы.
10. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 50 орынға арналған балабақша ашу.
11. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 40 орынға арналған балабақша ашу.
12. Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында 75 орынға арналған балабақша ашу.
13. Қарағанды қаласында 300 орынға арналған облыстық көпсалалы аурухана салу және пайдалану.
14. Қарағанды облысының медицина ұйымдарын цифрлық медициналық жабдықпен жарақтандыру.
15. Қарағанды қаласында "Ожет" спорт кешенін пайдалану.
16. Жезқазған қаласында "Таеквондо орталығын" пайдалану.
17. Қарағанды қаласының тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту қызметтерін көрсету.
18. Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығын ашу.