Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 476 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5605 болып тіркелді. Шешімнің қолданыста болу мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 31.12.2022 дейін (шешімнің 6-т.).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №67/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5539 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Облыстық бюджетке Қарағанды қаласының бюджетінен берілетін 2021 жылға арналған бюджеттік алулар 398 821 мың теңге сомасында белгіленсін.

      2. Облыстық бюджетке Қарағанды қаласының бюджетінен берілетін 2022 жылға арналған бюджеттік алулар 1 669 278 мың теңге сомасында белгіленсін.

      3. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2020 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 82 859 389 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

      Абай ауданына – 5 948 106 мың теңге;

      Ақтоғай ауданына – 3 739 511 мың теңге;

      Бұқар жырау ауданына – 8 725 483 мың теңге;

      Жаңаарқа ауданына – 5 765 941 мың теңге;

      Қарқаралы ауданына – 6 955 777 мың теңге;

      Нұра ауданына – 5 172 783 мың теңге;

      Осакаров ауданына – 5 948 892 мың теңге;

      Ұлытау ауданына – 388 035 мың теңге;

      Шет ауданына – 6 100 423 мың теңге;

      Балқаш қаласына – 5 590 611 мың теңге;

      Жезқазған қаласына – 3 092 575 мың теңге;

      Қарағанды қаласына – 2 005 699 мың теңге;

      Қаражал қаласына – 2 187 658 мың теңге;

      Приозерск қаласына – 2 208 316 мың теңге;

      Саран қаласына – 4 617 812 мың теңге;

      Сәтбаев қаласына – 5 912 189 мың теңге;

      Теміртау қаласына – 2 648 262 мың теңге;

      Шахтинск қаласына – 5 851 316 мың теңге.

      4. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2021 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 78 159 816 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

      Абай ауданына – 5 809 961 мың теңге;

      Ақтоғай ауданына – 3 873 346 мың теңге;

      Бұқар жырау ауданына – 8 596 323 мың теңге;

      Жаңаарқа ауданына – 5 811 926 мың теңге;

      Қарқаралы ауданына – 7 017 239 мың теңге;

      Нұра ауданына – 5 178 328 мың теңге;

      Осакаров ауданына – 5 924 155 мың теңге;

      Ұлытау ауданына – 197 163 мың теңге;

      Шет ауданына – 6 038 883 мың теңге;

      Балқаш қаласына – 5 308 471 мың теңге;

      Жезқазған қаласына – 2 396 619 мың теңге;

      Қаражал қаласына – 2 077 704 мың теңге;

      Приозерск қаласына – 2 235 312 мың теңге;

      Саран қаласына – 4 580 916 мың теңге;

      Сәтбаев қаласына – 5 801 899 мың теңге;

      Теміртау қаласына – 1 402 309 мың теңге;

      Шахтинск қаласына – 5 909 262 мың теңге.

      5. Облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін 2022 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 75 848 215 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

      Абай ауданына – 5 701 887 мың теңге;

      Ақтоғай ауданына – 3 834 497 мың теңге;

      Бұқар жырау ауданына – 8 554 366 мың теңге;

      Жаңаарқа ауданына – 5 853 378 мың теңге;

      Қарқаралы ауданына – 7 049 764 мың теңге;

      Нұра ауданына – 5 183 930 мың теңге;

      Осакаров ауданына – 5 916 873 мың теңге;

      Ұлытау ауданына – 87 381 мың теңге;

      Шет ауданына – 5 936 730 мың теңге;

      Балқаш қаласына – 5 022 013 мың теңге;

      Жезқазған қаласына – 1 743 433 мың теңге;

      Қаражал қаласына – 2 004 836 мың теңге;

      Приозерск қаласына – 2 264 677 мың теңге;

      Саран қаласына – 4 579 121 мың теңге;

      Сәтбаев қаласына – 5 705 932 мың теңге;

      Теміртау қаласына – 431 000 мың теңге;

      Шахтинск қаласына – 5 978 397 мың теңге.

      6. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді және 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.

      Сессия төрағасы Д. Мухамеджанов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады