Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 27.01.2023 № 07/02 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы "Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген) № 139 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің № _____ ___________ 2019 жылғы қалаусына қосымша |
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер кірістерінің болжамды көлемін айқындау
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттер кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
3-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер шығындарының болжамды көлемін айқындау
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56, 56-1-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.
Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:
еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.
4-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттер бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.
5. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;
4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін облыстық өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.
6. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттердің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
8. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
– і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;
Зj – облыстың барлық өңірлерінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі;
– і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;
– і ауданда (облыстық маңызы бар қалада) j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа облыстық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) урбандалу коэффициенті:
мұнда:
Халіқала – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қала халқы санының болжамы;
Халі – i-аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы.
Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа республикалық деңгейін ескереді;
2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:
мұнда:
Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы;
Халі – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халықтың жалпы санының болжамы.
Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа облыстық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;
3) шағын жинақталған мектептердегі оқушыларын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Санi – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) шағын жинақталған мектептердегі оқушылар санының болжамы;
Сан – і аудан (облыстық маңызы бар қала) мектептерінде оқушылардың жалпы санының болжамы.
Шағын жинақты мектептерде оқушыларды есепке алу коэффициенті білім алушылардың шағын контингентімен жалпы білім беретін мектептерді ұстауға қосымша шығыстардың қажеттілігін ескереді.
Шағын жинақталған мектеп – білім алушылар контингенті шағын біріктіріліп жинақталған сынып және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.
4) ауқым коэффициенті:
мұнда:
– аудан (облыстық маңызы бар қала) халқы санының орташа облыстық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;
– бір аудан (облыстық маңызы бар қала) халқының орташа санының болжамы;
Халi – i-аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы.
Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;
5) халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті:
мұнда:
Халітоп – i-ауданның (облыстық маңызы бар қала) белгілі бір жас ерекшелігі тобы бойынша халық санының болжамы;
Халі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаладағы) халық санының болжамы.
Халықтың жас ерекшелігі құрылымының коэффициенті халықтың жекелеген санаттарының денсаулық сақтауға және білім беруге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын жоғары сұранысын ескереді;
6) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:
мұнда:
Халіауыл – i-ауданның (облыстық маңызы бар қалада) ауыл халқы санының болжамы;
– j-функционалдық кіші топ бойынша (барлық аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.
Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;
7) тығыздық коэффициенті:
мұнда:
– облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы;
рi – i-ауданда (облыстық маңызы бар қалада) халықтың тығыздығы;
– аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) халқының тығыздығының орташа облыстық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.
Тығыздық коэффициенті аудан халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;
8) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:
мұнда:
Ni – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
– облыс бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;
9) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):
мұнда:
bi – і аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.
Кедейлікті есепке алу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;
10) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:
мұнда:
di – i-ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жылты маусымының кезеңі;
– облыс бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;
– аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.
Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті облыс өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының облыстағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.
11. Келесі екі жылдардағы аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
5-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.
Әрбір аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
КШі = k* ЕШі,
мұнда:
КШі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;
ЕШі – і ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
6-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауданның (облыстық маңызы бар қала) ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:
БДБШi = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі),
мұнда:
БДБШi – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
ЕШі – i ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
КБКі – і аудан (облыстық маңызы бар қала) кірістерінің болжамды көлемі;
r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;
r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.
14. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін Облыстық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібіне қосымша |