Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 13/01 "2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 13 наурызда, 2019 жылғы 12 наурыздағы № 27 (22431) "Индустриальная Караганда", 2019 жылғы 12 наурыздағы № 27 (22623) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. "Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы №13/01 "2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № _____ қаулысына қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 13/01 қаулысына қосымша |
2019 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ реттік саны | Тауарлық балық өнімдерінің түрлері | 2019 жылға өнім өндірісінің жоспарланған көлемі, килограмм | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 килограмм өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, килограмм | Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, килограмм (3 бағана х 4 бағана) | 1 килограмм өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген шекті сомасы, теңге | Азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығын, теңге (5-баған х 6-баған) | Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, теңге (азық сатып алуға жұмсалатын барлық шығынның 30%) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Албырт және оның буданы | 1,2 | 270 | ||||
2 | Бекіре және оның буданы | 1,5 | 285 | ||||
3 | Тұқы және оның буданы | 90 000 | 4 | 360 000 | 105 | 37 800 000 | 11 340 000 |
БАРЛЫҒЫ | 11 340 000 |