Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 11/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 наурызда № 5214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 31/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 29.04.2020 № 31/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы:

      1) Қарағанды қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін ұйымның тізімдік санының 1 % мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін ұйымның тізімдік санының 1 % мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін ұйымның тізімдік санының 1 % мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 03/02 "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4603 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 наурызда № 26 (22 478) "Орталық Қазақстан", 2018 жылғы 3 наурызда № 26 (22 285) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И. Ю. Любарскаяға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "1" наурыз № 11/02
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ТазалыкЭксперт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

532

1

5

2.

"Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

176

1

2

3.

"ЦЕНТРЭНЕРГОМЕХАНИЗАЦИЯ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

250

1

3

4.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

350

1

4

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "1" наурыз № 11/02
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ТазалыкЭксперт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

532

1

5

2.

"Қарағанды қаласының қалалық коммуналдық шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

176

1

2

3.

"ЦЕНТРЭНЕРГОМЕХАНИЗАЦИЯ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

250

1

3

4.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

350

1

4

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "1" наурыз № 11/02
қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлер-дің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлер-дің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ТазалыкЭксперт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)

532

1

5

2.

Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарағанды қаласы әкімдігінің "Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

373

1

4

3.

Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ғ.Мұстафин атындағы № 83 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

1

1

4.

Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 44 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

1

1

5.

Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

147

1

1

6.

Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 68 мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады