Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 03/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 ақпанда № 4603 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 11/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 01.03.2019 № 11/02 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) Қарағанды қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;

      3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.

      2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 08/10 "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4178 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 наурыздағы № 12 (194) "Арқа Ақшамы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      3. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И. Ю. Любарскаяға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "24" 01 № 03/02
қаулысына 1 қосымша

Қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

371

1

4

2.

Қарағанды қаласының "ГорКомТранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

247

1

2

3.

"UTARI KZ LTD" Өнеркәсіптік Кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

515

1

5

4.

Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

63

1

1

5.

"Тандем CCI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

1

1

6.

"Қарағанды металл бұйымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

137

1

1

7.

"Черемухина Н.И." жеке кәсіпкері

20

1

1

8.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

220

1

2

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "24" 01 № 03/02
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Көркейту" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

371

1

4

2.

"UTARI KZ LTD" Өнеркәсіптік Кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

515

1

5

3.

Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

63

1

1

4.

"Қарағанды металл бұйымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

137

1

1

5.

"Боровский А.А." жеке кәсіпкері

17

1

1

6.

"Ресайклинг Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11

1

1

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "24" 01 № 03/02
қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Автогаз Трэйд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

139

1

1

2.

"UTARI KZ LTD" Өнеркәсіптік Кешені жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

515

1

5

3.

Қарағанды қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

63

1

1

4.

"Тандем CCI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

25

1

1

5.

"Қарағанды металл бұйымдары зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

137

1

1

6.

"НС Системы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

1

1

7.

"Бобков С.С." жеке кәсіпкері

17

1

1

8.

"Ресайклинг ТК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

1

1

9.

"Ресайклинг Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады