Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының ХХI сессиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 249 "Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4513 болып тіркелген, 2018 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Буранкулова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы "28" қарашадағы ХLIII сессиясының № 459 шешіміне қосымша |
|
Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы "22" желтоқсандағы XХI сессиясының № 249 шешіміне қосымша |
Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,76/2,26 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері жәе сол сияқтылар | 1 орын | 1,06 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,83 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,82 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,16 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0069 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 1,37 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,27 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,15 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханадар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,42 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,065 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,051 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,061 |
14 | Азық – түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,1 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,37 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,33 |
17 | Азық-тұлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,35 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,89 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,45 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 0,74 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,69 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,33 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,58 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,54 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,51 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,73 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,0041 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,1 |