Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 02.12.2021 № 48/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Қ. Бегімов |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "____" ________ № ______ қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-ананың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||||
3 жасқа дейін | 3 жастан 6 жасқа дейін | 3 жасқа дейін | 3 жастан 6 жасқа дейін | ||||||
1. | Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық | 3331 | 495 | 9800 | 11800 | 9800 | 11800 | 23500 | 29000 |