Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156-бабы 2-тармағына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Теміртау Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтеріне бағалар бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Жанатбекұлы Құттыбайға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "____"___________ № ______ қаулысына қосымша |
"Теміртау Мәдениет сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтеріне бағалар
Р/с № | Ақылы қызметтің атауы | Өлшеу бірлігі | Баға (теңге) |
1. Шығармашылыққа үйрету бойынша қызметтері | |||
1.1 | Вокалдық үйірмесіне (ұжымына) бару | 1 ай, 8 сабақ | 1400 |
1.2 | Хореографиялық үйірмесіне (ұжымына) бару | 1 ай, 8 сабақ | 1400 |
1.3 | Спорттық-балдық үйірмесіне (ұжымына) бару | 1 ай, 8 сабақ | 1400 |
1.4 | Аспаптық үйірмесіне (ұжымына) бару | 1 ай, 8 сабақ | 1400 |
2. Іс-шараларды өткізу үшін жайларды ұсыну бойынша қызметтері | |||
2.1 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін көру залын ұсыну бойынша қызметтер | 1 сағат | 110000 |
2.2 | Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін би залын ұсыну бойынша қызметтер | 1 сағат | 80000 |