Сәтбаев қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5373 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарының негізінде Сәтбаев қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Сәтбаев қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "__" _______ № _______
қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Сәтбаев қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/29 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4164 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 12 (2253) және 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) қаулысы;

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/30 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4165 тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда "Шарайна" газетінің № 12 (2253) және 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) қаулысы;

      3. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 10/02 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/29 қаулысына өзгерту енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4705 тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде "Шарайна" газетінің № 16 (2309) және 2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) қаулысы;

      4. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 10/01 "Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/30 қаулысына өзгерту енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4704 тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде "Шарайна" газетінің № 16 (2309) және 2018 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады