Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/30 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 10/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 4704 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 32/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 29.05.2019 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/30 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4165 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 12 (2253) "Шарайна" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 24 наурызда жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:

      қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 10/01 қаулысының
қосымшасы
  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы 7 ақпандағы
  № 06/30 қаулысының
  қосымшасы

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Сәт Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

306

2

6

2

"Рудсервис К" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

118

2

2

3

"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

467

2

9


Барлығы

891

-

17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады