Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің мәселелері туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5152 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шахтинск қаласы мен Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы 14 қаңтардағы
  № 2/02 қаулысына
  қосымша

Шахтинск қаласы мен Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйлықақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шахтинск қаласы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.

      4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеуді аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады