Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 1668/36 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 5603 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 276/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 "Шахтинский вестник" газетінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында:

      7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы болса;";

      7 тармақ келесі мазмұнда 17) тармақшасымен толықтырылсын: "17) операциядан кейінгі емдеу кезеңінде әлеуметтік маңызды аурудың "қатерлі ісіктер" болуы.";

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар "туберкулез" ауруы болса;

      4) операциядан кейінгі емдеу кезеңінде әлеуметтік маңызды аурудың "қатерлі ісіктер" болуы;

      5) ең төмен күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Әлеуметтік көмектің өлшем шегі - 378 айлық есептік көрсеткіште наспайды.".

      15 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Пак
      Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады