Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5290 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданының Құлаайғыр ауылдық округінде, Көксу ауылдық округінде, Юбилейное ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сакенұлы Мағзин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі Б. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады