Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 24/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 маусымда № 5386 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Балқаш-Сарышаған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін, жалпы көлемі – 1291827,0 гектар, оның ішінде 2157,0 гектар орман қоры жер теліміне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай 2020 жылдың 15 желтоқсаны мерзіміне дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Балқаш-Сарышаған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Абеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады