Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5252 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Үміткер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 17,2842 гектар оның ішінде: Үміткер ауылы – 9,9174 гектар, Төрткөл ауылы – 7,3668 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау төсеу және пайдалану үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үміткер ауылдық округінің әкімі Б. Бейсенбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады