Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Центральный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 2,7672 гектар оның ішінде: Центральное ауылы – 1,14 гектар, Андренниковка ауылы – 1,6272 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Центральный ауылдық округі әкімі | Р. Рахимов |