Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 1-ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 5238 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шешенқара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін, жалпы көлемі – 2,7487 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шешенқара ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Г. Муканова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады