Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңына сәйкес Ботақара кенті әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "SilkNetCom" жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін, жалпы көлемі 0,2236 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып коймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "SilkNetCom" жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ботақара кенті әкімінің міндет атқарушысы |
А. Аяпбергенов |