Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңына сәйкес Ботақара кенті әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, салу және пайдалану үшін, жалпы көлемі 3,2640 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып коймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, салу және пайдалану үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ботақара кенті әкімінің міндет атқарушысы |
А. Аяпбергенов |