Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қызылқайың ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау, төсеу және пайдалану үшін, жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай Қызылқайың ауылында жалпы көлемі – 0,9 гектар 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылқайың ауылдық округінің әкімі | Р. Жукенова |