Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ етті:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін, жалпы көлемі – 5,1689 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі: | Е. Карипбаев |