Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 69 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Қарқаралы қаласынан Қарабұлақ, Бақты, Егіндібұлақ, Аппаз, Қарағайлы, Қаракөл, Бүркітті, Жарлы ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, салу және пайдалану үшін жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.А. Наушабаев) Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К. Максутов |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "____" ___________ №__________қаулысына қосымша |
№ | Жер санаты, қала және елді мекен атаулары | Қауымдық сервитутты орнату алаңы, гектар |
1 | Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер, барлығы | 9,4212 |
2 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 70,9456 |
3 | Н. Әбдіров ауылдық округі | 10,5256 |
4 | Қайнарбұлақ ауылдық округі | 4,5006 |
5 | Қырғыз ауылдық округі | 16,8246 |
6 | Балқантау ауылдық округі | 12,1338 |
7 | Бақты ауылдық округі | 15,5466 |
8 | Қаркөл ауылдық округі | 9,2538 |
9 | Томар ауылдық округі | 2,1606 |
10 | Қарқаралы қаласы | 10,9362 |
11 | Қарағайлы кенті | 8,4426 |
12 | Бүркітті ауылы | 7,6800 |
13 | Қаракөл ауылы | 2,6508 |
14 | Бақты ауылы | 16,4868 |
15 | Жарлы ауылы | 9,8628 |
16 | Аппаз ауылы | 5,6820 |