Төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 мамырда № 5364 болып тіркелді. Күші жойылды – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 19.11.2019 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2019 жылғы 02 мамырдағы № 5 хаттамасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округі Айнабұлақ аулында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Садуакасов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады