2020 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 13 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 5608 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Занының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14881 болып тіркелген), аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2020 жылдың қаңтары наурызында, Нұра ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2003 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.К. Жумановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі А. Шалмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады