Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 19.08.2024 № 30/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелді) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын, сондай-ақ мобильді жабдықты пайдаланумен автодүкен және шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Нұра ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 "Нұра ауданындағы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5131 болып тіркелді), 2019 жылғы 19 қаңтардағы № 3 (5602) аудандық "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 22 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | А. Шалмаганбетов |
Нұра ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № ____ қаулысына қосымша |
Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын, сондай-ақ мобильді жабдықты пайдаланумен автодүкен және шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар:
№ | Орналасқан орны |
1 | Ақмешіт ауылы, Сейфуллин көшесі, 3 |
2 | Алғабас ауылы, Сейфуллин көшесі |
3 | Ахмет ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3 |
4 | Байтуган ауылы, Әуезов көшесі (орталық парктің аумағы) |
5 | Балықтыкөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 2 |
6 | Баршын ауылы, Аблахатов көшесі, 10 |
7 | Жанбөбек ауылы, Уәлиханов көшесі, 13/1 үйінен 17 үйге дейін |
8 | Жараспай ауылы, Орталық көшесі, 6 |
9 | Заречное ауылы, Ленин көшесі, 1 үйінен 3 үйге дейін |
10 | Изенді ауылы, Боқаев көшесі, 13 |
11 | Кертінді ауылы, Қазыбек би көшесі (орталық парктің аумағы) |
12 | Көбетей ауылы, Жамбыл көшесі, 6 үйден 8 үйге дейін |
13 | Нұра кенті, Абай көшесі, 48 (Нұра кенті әкімі аппараты ғимаратымен аудандық сот ғимаратының арасында) |
14 | Қарой ауылы, Абай көшесі, 22 |
15 | Құланөтпес ауылы (орталық парктің аумағы) |
16 | Құланөтпес ауылы, Абылайхан көшесі, 1 |
17 | Майоровка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40 |
18 | Мыңбаев ауылы, Бейбітшілік көшесі, 19 |
19 | Пржевальское ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 2/1 үйден 15 үйге дейін |
20 | Соналы ауылы, Абай көшесі (орталық парктің аумағы) |
21 | Талдысай ауылы, Сатпаев көшесі, 9 |
22 | Тассуат ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 14 |
23 | Ткенекті ауылы, Сейфуллин көшесі, 1 үйден 20 үйіне дейін |
24 | Шахтерское ауылы, Құрылысшылар көшесі, 1 үйден 1-а үйіне дейін |
25 | Шұбаркөл кенті, Рыскұлбеков көшесі, 56 |
26 | Қайнар ауылы, Достық көшесі, 7 |