Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін ауданы 50,5242 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 18/01 қаулысына қосымша |
№ р/с | Ауылдық округтердің атауы | Жария сервитутты белгілеу ауданы, гектар |
1 | Озерный ауылдық округі | 2,3904 |
2 | Есіл ауылдық округі | 9,9708 |
3 | Пионер ауылдық округі | 6,8010 |
4 | Қарағайлы ауылдық округі | 24,9462 |
5 | Ақбұлақ ауылдық округі | 1,2210 |
6 | Құндызды ауылдық округі | 5,1948 |
Барлығы | 50,5242 |