Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Молодежный кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін Молодежный кентінде ауданы 2,3500 гектар жер учаскесі жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Молодежный кенті әкімінің орынбасары Е.Б. Нұрқановқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Садиков |