Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 5261 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін Ақбұлақ ауылында ауданы 0,2070 гектар жер учаскесі жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Машрапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады