Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының шешімі негізінде Садовый ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану Садовый ауылында ауданы 1.2205 гектар жер учаскесі жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Садовый ауылдық округінің әкімі | А. Жетпісбаева |