Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қаласы азаматтарының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар – тегін жол жүру;
2) 4 немесе одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа жетпеген, соның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған мезгіліне дейін (бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін) – тегін жол жүру.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
3. Осы бірлескен Приозерск қаласы әкімдігі қаулысының және Приозерск қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А. Қазиеваға және қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Б. Попченкоға жүктелсін.
4. Осы бірлескен Приозерск қаласының әкімдігінің қаулысы және Приозерск қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Сессия төрағасы | Е. Балтышев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |