Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 1340 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 наурызда № 6724 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 184 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 13.03.2020 № 184 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 1159 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6372 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "28" ақпандағы № 340 қаулысымен бекітілген

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Р/с

Мамандық атауы

Мамандық коды

Жергілікті бюджет, орындар саны
(күндізгі оқу нысаны)

Бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны
(мың теңге)

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

1

2

3

4

5

6

0100000 - Білім беру 

1

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

0101000

50

25

480,02

2

Дене тәрбиесі және спорт

0103000


40 

480,02

3

Бастауыш білім беру

0105000

20


480,02

4

Негізгі орта білім беру

0111000

80


480,02

0300000 - Медицина, фармацевтика 

5

Емдеу ісі

0301000

50

25

398,5

6

Медбикелік іс*

0302000

25

175

398,5

7

Лабораториялық диагностика

0305000

25


398,5

8

Фармация

0306000


25

398,5

9

Ортопедиялық стоматология

0307000


25

398,5

0400000 - Өнер және мәдениет 

10

Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша)

0404000

42

11

1229,81

11

Хор дирижеры

0405000

9

1

1229,81

12

Ән салу*

0407000

13

2

1229,81

13

Хореография өнері

0408000

9

1

1229,81

0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару 

14

Телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша)

0502000

25


480,02

15

Шаштараз өнері және сәндік косметика*

0506000

50


480,02

16

Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

0507000

40


480,02

17

Тамақтандыруды ұйымдастыру*

0508000

175

50

480,02

18

Туризм (салалар бойынша)

0511000

25


480,02

19

Маркетинг (салалар бойынша)

0513000

90


480,02

0900000 - Энергетика 

20

Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша)

0901000

50


480,02

21

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

0902000

40


480,02

22

Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары

0906000

65


480,02

23

Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)

0907000

25

20

480,02

24

Электр және электр механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)

0910000

20


480,02

1000000 - Металлургия және машина жасау

25

Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және өндірістегі автоматика

1013000

25


480,02

1100000 - Көлік (салалар бойынша)

26

Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша)*

1109000

75


480,02

27

Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)*

1114000

100


480,02

28

Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар (түрлері бойынша)*

1115000

50


480,02

29

Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар және қондырғылар

1119000

25


480,02

1200000 - Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) 

30

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану*

1201000

140


480,02

31

Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу*

1211000

220

25

480,02

32

Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі*

1219000

45


480,02

33

Балық өндірісі*

1221000


25

480,02

1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар 

34

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)*

1304000

20


480,02

35

Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

1306000

25


480,02

36

Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша)

1309000

40


480,02

1400000 - Құрылыс және коммуналдық шаруашылық 

37

Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану*

1401000

345

50

480,02

38

Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)*

1403000

75

25

480,02

39

Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану*

1405000

45


480,02

40

Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау*

1406000

20


480,02

41

Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі*

1412000

20


480,02

42

Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)*

1414000

25


480,02

1500000 - Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология 

43

Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу*

1501000

75


480,02

44

Агрономия

1502000

20


480,02

45

Фермер шаруашылығы (бейін бойынша)*

1504000

120

100

480,02

46

Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)*

1508000

20


480,02

47

Ветеринария*

1513000

20

25

480,02

Барлығы

2478

650


      Ескерту:

      * ерекше білім беруді қажет ететін азаматтардың арасынан кадрлар даярлау қарастырылатын мамандық.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады