Қызылорда қаласының "Жібек жолы" көшесін "Нұрсұлтан Назарбаев" даңғылы болып қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 1353 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 303 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 6752 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының "Жібек жолы" көшесі "Нұрсұлтан Назарбаев" даңғылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 28 сессиясының төрағасы
Ш. Әбдікәрімов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады