Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 1357 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 6758 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Белгіленсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес білім саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі;

      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес спорт саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі;

      5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес табиғат пайдалану саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі;

      6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі.

      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы", "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы", "Қызылорда облысының білім басқармасы", "Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы", "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы", "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы", "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Шаруашылық жүргізу құқығындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесінің мүшелеріне сыйлықақы

-

5%

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

45%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

15%

Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу

-

15%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге резерв

-

10%

Кәсіпорындар қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі

-

5%

Спонсорлық көмек

-

5%

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 2-қосымша

Білім саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

50%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

20%

Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу

-

3%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге резерв

-

10%

Кәсіпорындар қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі

-

17%

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 3-қосымша

Мәдениет, архивтер және құжаттама саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Материалдық–техникалық базаны нығайту

-

100%

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 4-қосымша

Спорт саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

30%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

60%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге резерв

-

10%

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 5-қосымша

Табиғат пайдалану саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

40%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

20%

Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу

-

5%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге резерв

-

10%

Жобаға дейінгі құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-зерттеу жұмыстары) дайындауға және жобаны сараптауға арналған шығындар

-

25%

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі №1357 қаулысына 6-қосымша

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігін бөлу нормативі

Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру)

-

75%

Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру)

-

5%

Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу

-

5%

Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге резерв

-

15%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады