"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы №12471 қаулысына қосымша |
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін қалалық бюджетке аудару нормативі келесідей белгіленеді:
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза табыс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз |