"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 ақпандағы № 224 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 6705 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 12.02.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5963 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімі";

      5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацтағы "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихаттың
кезектен тыс отыз тоғызыншы
сессиясының төрағасы
А. Ізбасаров
      Арал аудандық мәслихатының
хатшысы
Д. Мадинов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады