Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 12.02.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5963 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы "және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.