Арал ауданының ауылдық округтерінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 290 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 7035 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берiлiп отырған Арал ауданының аумағындағы халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтердің жергiлiктi қоғамдастық жиналыстарының регламентi бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Аяпов
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының
2019 жылғы 19 желтоқсаны
  № 290 шешімімен бекітілген

Арал ауданының аумағындағы халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтердің жергiлiктi қоғамдастық жиналыстарының Регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арал ауданының аумағындағы халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтердің жергiлiктi қоғамдастық жиналыстарының регламенті (бұдан әрi - Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15630 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 22.07.2021 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы регламентте қолданылатын негiзгi ұғымдар:

      1) жергiлiктi қоғамдастық – шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;

      2) жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (бұдан әрi-жиналыс) – жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге қатысуы;

      3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер – реттелуi Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты ауылдық округ қызметiнiң мәселелерi;

      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару – халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергiлiктi қоғамдастық жиналысының мүшесi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте және тәртiппен жергiлiктi маңызы бар ағымдағы мәселелердi шешуге жергiлiктi қоғамдастық жиыны жiберген жергiлiктi қоғамдастық өкiлi.

2-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргiзу тәртiбi

      3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және Бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу);

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу

      және тиісті аумақтарда орналасқан;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 22.07.2021 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      Ескерту. Шешім 3-1-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      Ескерту. Шешім 3-2-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Шешім 3-3-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      ауылдық округ коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 ; өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      5. "Жиналысты ауылдық округ әкімі дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Жиналысты шақыру алдында әкiм аппараты жиналысқа қатысушы мүшелердi тiркеудi өткiзедi, оның нәтижесiн әкiм немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкiлеттiк берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткiзу орны мен уақытын көрсете отырып енгiзедi.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Жиналысты шақыруды әкiм немесе ол уәкiлеттiк берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргiзу үшiн ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      8. Жиналыстың күн тәртiбiн ауылдық округ әкiмiнiң аппараты жиналыс мүшелерi, тиiстi аумақтың әкiмi енгiзген ұсыныстар негiзiнде қалыптастырады.

      Күн тәртiбiне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешiмдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртiбi оны талқылау кезiнде толықтырылуы және өзгертiлуi мүмкiн.

      Жиналысты шақырудың күн тәртiбiн жиналыс бекiтедi.

      Күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша дауыс беру жеке өткiзiледi. Егер оған жиналыс мүшелерiнiң көпшiлiгi дауыс берсе, мәселе күн тәртiбiне енгiзiлдi деп есептеледi.

      9. Жиналысты шақыруға олардың мәселелерi онда қаралатын аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкiмi аппаратының, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкiлдерi шақырылуы мүмкiн. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi қатыса алады.

      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелерi болып табылмайды және шешiмдердi қабылдау кезiнде дауыс беруге қатыспайды.

      10. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға аудандық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмдер қабылдау тәртiбi

      11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім);

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 22.07.2021 № 88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетілген тізімі;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі;

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі қарайды және ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді.

      ауылдық округ әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және тиісті ауданның мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен ауданның тиісті мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Жиналысты шақыруда қабылданған шешiмдердi ауылдық округ әкiмiнiң аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен таратады.

4-тарау. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылау

      16. Жиналыста жүйелi түрде жиналыстың шешiмдерiн орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      17. Шешiмдердi орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиiстi ақпарат хаттамаға енгiзiледi, оны жиналыстың төрағасы аудан әкiмiне немесе жиналыстың шешiмiн орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешiмдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкiмi немесе тиiстi лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады