2019 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 286 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 6762 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8тармағына сәйкес Қазалы аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2019 жылға Қазалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ. Қожалепесов
      Қазалы аудандық мәслихат
хатшысы
Қ. Назымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады