Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 9 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 6835 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 20 мамырдағы №7-09-306 ұсынысы негізінде Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарашеңгел ауылдық округiнің Жалаңтөс батыр ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 қазандағы №17 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6452 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы17 қазанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы М.Алтынбаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі О. Жамшейтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады