Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің 25.06.2019 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 20 тамыздағы №7-09-545 ұсынысы негізінде, Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарашеңгел ауылдық округiнің Жалаңтөс батыр ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі |
О. Жамшейтов |