"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №117 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 ақпандағы № 232 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 6703 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 16.02.2021 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 23тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 117 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5983 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау" Қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесі";

      5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтары "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және 2019 жылдың 15 ақпанында Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне 30 жыл толуына орай материалдық көмек ретінде бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезектен тыс 32-сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы:
М.Наятұлы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады