"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Aуылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына, сонымен қатар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 тамыздағы № 256 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6892 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясының төрағасы |
А.Қаржаубаев |
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Наятұлы |