Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 09.04.2021 № 74 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 403 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4819 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 желтоқсанда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2014 жылғы 23 желтоқсанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерінде:
реттік нөмірлері 11, 23, 24, 26, 28, 29, 33-қатарлар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-қатармен толықтырылсын:
“
34 | Жалағаш кенті, Төле би көшесі, № 25 үй | 63 теңге 36 тиын |
”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Сарсенбаев |